19.05.2022
187
Алматы таңы
Күн сүйіп, Алатауды нұр тарады
Жадырап шындары мен қырқалары
Не берері белгісіз тағы ашылды
Тіршіліктің жаңадан бір парағы
Ойлама деп түндегі күнə жайлы
Таң атып келе жатыр бір арайлы
«Уа, халқым, қайырлы таң!» деп тұрғандай
Ескерткіші төрдегі ұлы Абайдың.
Шықты адамдар жетелеп үміт бəрін
Асыға басады ойлап,жұмыс қамын.
Сапырылыс басталған қала өмірі
Илеуіне ұқсайды құмырсқаның
Бейбіт өмір кірпішін жатқан қалап,
Қызықты өмір қайнаған шақтар ғажап
Жауыздық бұзбаса екен илеуіңді
Қаша көрме адамдар бас сауғалап!
Адымдайық сеніммен арманға нық
Ата берсін лайым таңдар жарық
Тыныштықты күзеткен қас батырдай
Қарайды əне, Алатау маңғазданып