19.05.2022
  146


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Ақ қайыңдар

Адамдарды бал сезімге бөлеген,
Ақ қайыңдар сұлусыңдар не деген.
Дəл сендердей «аппақ айын» еске алып,
Қайсысыңа сүйенді екен Төлеген.
Ақын біткен жыр төгеді жүректен,
«Ақ еркем деп» деп Есенин де жыр еткен.
«Қайың бола бастайын» деп Мұқаң да,
Өздеріңе сырын ашқан ізетпен.
Көңілдерін бұла сезім тасытқан.
Өздеріңді иектейді ғашықтар.
Ақ балтыр қыз ақ қайыңдай еркелеп,
Сүйгеніңе сырларыңды ашып қал.
Уа, тентек жел, санамайын «ерсі» деп,
Қайың – қыздың қолаң шашын желпіп өт.
Ақ қайыңдар сымбатыңмен көз тартып,
Бой түзей бер Алматымның көркі боп.





Пікір жазу