19.05.2022
  186


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Аруларсыз күнің күн күн бе, сұрықсыз

Əйел-елік қылығымен еркелер
Еркелетер нағыз еркек болса егер.
Əйел жасы өлшенбейді жылдармен
Əйел жасы сұлулықпен өлшенер.
Əр əйелдің тереңінде бір жақұт
Тұңғиығына бойлай алар кім батып?
Сол жақұтты аяласаң жаныңмен
Нұрын төгіп, күлер саған шын бақыт.
Адам кім ол сұлулықты сезбесе?
Əйел барда дүние де өзгеше.
Аруларсыз сəні кірмес көктемнің
Онсыз өмір өмір емес ендеше.
Дөрекілеу, тұрпайылау,анайы
Əйелдерсіз күн кешер ек жабайы
Шуақ шашар жабырқаған көңілге
Əйел біздің жанымыздың арайы.
Аруларсыз күнің күн бе, сұрықсыз
Қадірлейік нəзік жанын ұғып біз.
Уайым-мұң ғайып болар əп сəтте
Бір жарқ етіп қарағанда күліп қыз.
Барша əйелдің денсаулығы үшін деп
Осы тосты көтерейік ТҰРЫП БІЗ!





Пікір жазу