Елік қызға
Кең тыныстап ауылдың ауасымен
Аяңдадым сая бақ арасымен
Қарсы алдымнан мəз-мейрам
үш қыз шықты
Гүлдей жайнап ерекше жарасыммен
Назарымды еріксіз бұрды менің
Кім назарсыз қалдырар қызды керім?
Батылдана сен сонда қасыма кеп-
-Сыртыңыздан танимыз сізді,-дедің
Бөтен ой жоқ қалдырмай көңіліңді
Жаза салдым телефон нөмірімді
Сен де мен де əрнені себеп қылып
Жиілетіп кеттік-ау жолығуды.
Ойнақтаған алаңсыз елігім-ай
Қайдан ғана тап қылды сені Құдай.
Қасқыр тəбет оянып барып-барып
Ағалыққа тұншыққан сезімім-ай...
Шапшып кетсе құмарлық басу бар ма?
Абайладым өзіңе жақындауға
Секем алып көрмеген бейкүнам-ай
Кім сұқтанбас өзіңдей асыл жанға
Қасқыр тəбет. Болмады-ау оятқаның
Келіп кетті жұлмалап тояттағым
Ал сен болсаң, лақтай еркелейсің
Түсінбестен мендегі ой астарын
Қоштасарда нұр ойнап күлімдеген
Төмен сырғып арайлы жүзің менен
-Сау болыңыз ,ағатай,-деп тіл қаттың
Жанға жайлы жағымды бір үнменен.
Күнəлі ойды жөн болды сезбегенің
Қимасым боп барасың сен де менің
Енді көрсем тəбетті тия алам ба?
Жо-жоқ одан дұрыс-ау көрмегенім...