19.05.2022
  99


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Желтоқсан


Талап еткен əділдік көрсек қауым
Бұзақылар дей көрме « тентек бəрін».
Жыл соңында қатал бір есеп алар
Тура биі қазақтың- Желтоқсаным!
Тұмсық сүғып,жат пиғыл киліккенде
Қуат берген Желтоқсан бұл мықты елге.
Қаһарланса шаңыңды қағып алар
Желтоқсанды ұмытпа билік сен де!
О, Желтоқсан , тоңдырмас бізді ызғарың.
Ызғарыңнан əділдік білдім барын.
Шын ЕСКЕРТКІШ алаңға орнау керек
Намысты елдің паш етер ҰЛ-ҚЫЗДАРЫН!
Тұру керек қайсарлық мүсінді, ашық
Жамандықтың тұратын пысын басып
Тасқа айналған ҰЛ-ҚЫЗДАР айбарынан
Жоғалар ең жымысқы ой құтың қашып.
Қаһарынан қаймықпай алып селдің
Қайсар жастар өрлігін танытты ердің!
Қарусыз-ақ шыққанда өр Рухпен
Шеп сетінеп, үні өшті танктердің!
Қиылып сан өрімдей қыршын ғұмыр
Селт еткізіп, Жаңаөзен сілкінді бір
Ұраны деп білгейсің ӨР РУХТЫҢ
Желтоқсанда жазсам мен дүмпулі жыр!






Пікір жазу