19.05.2022
102
Жайлауды сағынғанда
Алатауға қарап тұрып əрдайым,
Есіме алам Арқасымның баурайын.
Тауда өскенмін содан болар тау көрсем,
Қалай ғана бір толғанып қалмайын.
Жасыл желек,гүл көмкерген қойнауын.
Əсем еді-ау, көңілдіеді-ау қойлы ауыл.
Жүйткітуші ек сəйгүлікке мініп ап,
Кейде-кейде желік бітіп бойға бір.
Балалықтың базарына кім қанған?
Аман ба екен біздер сауық құрған маң.
Жұпар иісі аңқушы еді керемет
Қалың арша қарағайлы қырлардан.
Тоғайы бар құсқа толы сан үнді
Ақ көбікті өзені бар арынды.
Сонша кербез сонша сұлу болмасаң
Туғызбас ең Əбілқандай дарынды.
Жүрсем де мен шалғайыңнан тым аулақ,
Есіме алам сағынышпен жыр арнап.
Бəріне осы бір-ақ сілтеп қолымды
Шалғыныңа қайтсам ба екен бір аунап !