19.05.2022
134
Ауылға барғанда
Шығаным, Үлкеншығаным,
Сағынып келіп тұрмын мен
Ағытып жырдың бұлағын
Көңілім босап тұр мүлдем.
Доп қуып жүрген əріде
Ауылдың бір топ баласы.
Аптығын баспай əлі де
Балалығым жүр, қарашы.
Есіме түсіп балаң күн
Елтіп те кеттім елеске.
Сыйпады самал, анамның
Алақаны емес пе?
Бойдан бір лықсып арна ақты
Ойнап тұр сағым белесте.
Қол бұлғап қалған алғашқы
Махаббатым емес пе?
Сол таныс өмір айнала
Сүйендім таныс талға мен.
Барады бір шал жай ғана
Əндетіп жайдақ арбамен.
Бəрі де тұр-ау дін аман
Бойсынбай уақыт-шеберге.
Көзіме ыстық мына маң
Жастығым шыға келер ме?
Ол дəурен қайта келсін бе?
Көңілді жүдеу жұбатып.
«Бəрі де менің еншімде»
Деп сыбыр етті УАҚЫТ.