19.05.2022
91
Есіл жағасында
Толқынынан көз алмай тесілесің,
Есіл осы, бауырым, Есіл осы.
Əнге қосып талайлар тəнті болған,
Есіл осы Арқаның несібесі.
Жатырсың-ау арнаңда шалқып ағып,
Күннің нұрын өзіңе тартып алып.
«Астанам!» деп жағаңды əнге бөлеп,
Думандатып тойлауда халқым анық.
Нұрлы ағыстан жаныма лағыл алдым,
Ертең сені мен дағы сағынармын.
Келіп тұрмын жəннатты Жетісудан,
Ерке Іленің сəлемін қабыл алғын,
Есіл, Есіл, мен сені сағынармын.