Құрбан ата ұрпақтарына
Халқым-ау, кетпесін тегі берекең,
Атажан, ұрпақтарың ынтымақты ел екен.
Алтын жол салып ұрпаққа,
Аруағың, қоршап-қолдап жүргендігіңіз сол екен.
Кесенеңізді көтердіКөп түкірсе-көл екен.
Сыр айтайыншы жалпыға,
Ризамын Құрбан Ата халқына.
Айналайын, үлкен-кіші елімнен,
Ақыным деп айналдырған алтынға.
Торыққанда қуат беріп демедің,
Өлі аруақ, тірі аруақ желеп жебедің.
Адалдығың ұлдарың мешіт салды басыңа,
Ұрпақтарың Атажан,
Зиярат етсе деп едім.
Жарыққа толды айналаң,
Мақсаттар да орындалды ойға алған.
Дүние тұрғанша тұрыңыз,
Басшы болған үлкендер,
Жарқыраған жастар жайнаған.
Маңдайалды жұраттарың қасыңда,
Жана берсін бағыңыз басыңда.
Құрбан Ата бабамыздың аруағы,
Айналды шын ұрпақ үшін асылға!
Е, Алла, Арыстан бабам,
Талай жерден
Басымды иіп келдім саған.
Зиянатым қабыл болып,
Ақ батаңды бердің маған.
Жеңді ақыры əділет,
Сұлтан Бабам Əзірет,
Құрбан ата, немере, шөбере, шөпшектеріңнің,
Зиянатын қабыл ет!