19.05.2022
144
Құлазыған көңілдің өлеңі
Гитлердің туған күнінде,
Бір үйге есік жабылды.
Лениннің туған күнінде,
«Крупская» жеңгей қағынды.
Ей, Өмір, сені, қайтейін,
Қайнатып болдың қанымды.
Айтып та айтпай, не етейін,
Байлады əйел бағымды.
Шын жылай алмас, шын күлмес,
Клоун-Өмір, сауысқан!
Кей кезде-мылқау, «дым білмес»,
Кей кезде ақ ми «данышпан».
Көрсетер кенет сақылық,
Уайымы, нет мың батпан.
Басқаның басын қатырып,
Жанашыр болып тіл қатқан.
Жүргенін қайдам, не біліп,
Күндізі кейде қара түн.
Еңіреп демде, егіліп,
Кенеттен күле салатын.
Басыңа мейлі кебіс ки,
Ілмейді кейде ол көзге.
Кей кезде Жириновский,
Пугачева кей кезде.
Жете алмас, оған пысық кей,
Сөйлесе ділмар демагог.
Кей кезде ауру «психтей»,
Кей кезде үлгі педагог.