19.05.2022
  166


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Портрет-өлеңдер

Біреу жүр шыбын жаны үшін,
Біреу жүр үзім нан үшін.
Сіз істеп жүрген тірліктің,
Түсіне алмадым мəнісін?
Аңсаған қанат қағылып,
Аулыма барсам сағынып.
«Мəмбетəлі
-бəлеқор»,
Деп шулар бəрі жабылып.
Жо
-жо
-жоқ! (қорғап жолдасты!)
-Журналист!-деймін ол жақсы! -Жалалап жазды біреуді,
Жақында соты болмақшы!
Арызы дайын Ер үшін,
Ақшамен жасар келісім!
Алатайдай шапқылап,
Бүлдіріп болды ел ішін.
Əділет іздер жұрт жақсы,
Əлдіні жерге тықпақшы.
КГБ-ны құртты, жақында,
Əкіміңді де құртпақшы!
Сөз айттым ақылы зерекке,
Сүйендің архив-дерекке
-Тұз
-дəмін татқан еліңе,
Отын жеп, суын ішкен соң,
О, Мəке, осы керек пе?
Еменнен бөліп бұтақты,
Егескен ерлер не тапты?!
Егін егіп, бау салып,
Жатсаңшы жазып кітапты!
Мəмбетəлі атың бар,
Пайғамбар жəне Батыр бар.
Горбачевке ұқсас басың бар,
Абайға жетер ақыл бар.
Елден жеп жүрген асың бар,
Елуден асқан жасың бар.
Ел тарихынан жазатын,
Көмілген қанша асыл бар?!
Пенделік қуған пішінді,
Қолдамаймын ісіңді.
Кітапқа жұмса, Арызға,
Тексеріп кеткен күшіңді.
Бір қолды екі ете алмай,
Қарттарға жүрмін жете алмай.
Бекер жүр қанша журналист,
Қаханбек пенен Қапылбек,
Арақтан асып кете алмай.
Сен оның бірі емессің,
Қабырғаңменен кеңескін!
Қатарлас дос боп наз айттым,
Қаттырақ айтты демессің!
Сөкпеңіз біздей наданды,
Өлеңмен таптым амалды.
Демеңіз неге қадалды?
Жаман боп шығып Ел аты,
Жүрекке жара жамалды!
Ойлаңыз-Сырат көпірде,
Аллаһым, өзі тексерер,
Адал менен Харамды!
Үкімдер оған Сіз емес,
Бақсаңшы Қатын-Балаңды!
Əділет іздеп халық үшін,
Жалауың қалай шалқысын?
Жартысы айтса-алғысын,
Жартысы айтар қарғысын!
Айырып, алшы, отырып,
Кесеге шайды толтырып,
Шындығың-шай да, мысалы,
Бір тамшы сүтің-өтірік!
Кім көрді мұндай сұмдықты,
Қарашы сыртқа кім мықты?!
Өтірік айтып үйренді ел,
Өткізу үшін шындықты!
Кім көрді мұндай сұмдықты,
Инфарк боп өлді шын мықты!
Ақшадан шапан жабасың,
Өткізу үшін шындықты!
Батпақта бақа жүр дейді,
Бақылдап күн-түн үрлейді.
Батпағы оған-жерұйық,
Мөлдір су барын білмейді!
Алланың алған қарғысын,
Шошқаға айтсаң тағы сын.
Қорсылдақ байғұс көрмейді,
Тұмсығынан арғысын!
Бекерге шындық аңсамай,
Қоя сал, досым, шаршамай.
Бақа мен Шошқа сияқты,
Біздің ел де дəл солай.
Шындықты əкеп берсең де,
Төге салады керсенге!
Өтірікті қазып алады,
Бетондап жерге көмсең де!





Пікір жазу