Әлем діндері сарайын салдырған ер
Сөз емес, керек етпен дəлелдіні,
Астанада бас қосты Əлем Діні.
Құдай біреу болғанмен, жол əрқилы,
Ең нəзік бір мəселе, дер ем мұны.
Ақылдың Нұрекеңде тереңдігі,
Ашылып шекаралар, жер ендігі.
Бəрімізді бір Құдай жаратты деп,
Танылды əр діндардың кемелдігі.
Қанша дін, қанша мінез болса-дағы,
Енді олар Астанаға жол салады.
Бір есіктен кірейік əр есікке,
Деп Сарай салдыруды жөн санады.
Ол Сарайда əр діннің өкілдері,
Құдайына қаратар бетін бері.
Алла мені кеше гөр, Нұрекеңнің,
Бұл ісі Періштелік секілді еді.
Осылай бар Президенттен дара тұрғай,
Діндарларды бір ойға салатындай.
Нұрекеңнің Ислами бұл тірлігі,
Тарихтарда жазылып қалатындай.
Жұмақтың мың айтылған жаннатындай,
Адамдар көріп рахат алатындай.
Сол жиында Президенттің айтқан сөзі,
Құранның Қасиетті аятындай!
Құраным-Жамандықтан тиып алған,
Елбасы түйін түйді қиын ойдан.
Президент –Бейбітшілік шырақшысы,
Сауабы асып кетті Миллионнан!
1-4 тамыз, 2004 жыл.