Астана - Бәйтерек
Астанада Бəйтерек орнатылды,
Мұзқалашық жырлатар ол да ақынды.
Жер астында Мұхитты қолдан жасап,
Дүниенің бар балығы сонда кірді.
Жүйріктей оза шапқан жарыстарда,
«Президент бағы» орнады таныс маңға.
Астана-Бəйтеректен қарағанда,
Гауһартас əкелінген ғарыштан ба?!
Көркіңді көз қуаныш ете берем,
Астанаға бір қала жете ме екен?!
Бəйтерек-Аллаға айтқан Алғысындай,
Президенттің Қазағын жетелеген!
Алатау алыс қалып ақ шыңдары,
Бəйтеректен көрініс тапсын бəрі.
Аллаға алғыс айтып Қазақ үшін,
Бəйтерек- Президенттің қол тапсырғаны.
Таңдайына ақынның құс қонғандай,
Іші күйіп өртенген дұшпан қандай!
Əл-Фараби, Яссауи, Бəйдібек би,
Бəйтерек –Аса таяқ ұстанғандай!
Қазаққа құдай беріп текті ұлдарды-ай,
Аруақты Қарасай кеп шеп құрғандай.
Аспанға алақанын жайып, тілеп,
Домалақ Ана «айналайын» деп тұрғандай.
Думаны, берекесі тарқамаған,
Астана, асып тұрсың бар қаладан.
Тарыдай қазақ атын таудай етіп,
Нұрекең Аманатты арқалаған!