Тең достар теміртауда тілекшілер
Теміртауда темір қанат боп өскен,
Тең достарын шығармайды тегі естен.
Уақыт тауып сапар шегіп оларға,
Мемлекеттік мəселені кеңескен.
Жақсы көріп қатарлары əлі оны,
Азаматқа жеткілікті дəлелі.
Теміртауда жалындаған жастардың,
Арасында Президент те бар еді.
Жалындаған жиырма жаста сол жігіт,
Еңбек етіп ел өмірін мол біліп.
Ұстазы айтқан : боласың деп Президент,
Келе жатыр Халқыменен жол жүріп.
Мен білемін, осы жолдың жарқынын,
Теміртаулық домналардың жалқынын.
Жүрегінде жандырған ел, қадірлеп,
Төбесіне көтеріп жүр алтынын.
Елбасының идеясы жеңеді,
Елдің туын желбіретіп келеді.
Қалай сенсе өз халқына Президент,
Халқы да оған өз ұлындай сенеді.
Қанша айтсақ та Президент тағдырын,
Ол –сырсандық, жетпес жыр мен əн бүгін.
Қазақ деген қайсар елдің ұланы,
Танытып жүр барлық жерде нарлығын!
Жаңа заман, өткенімен ескілік,
Етек жауып, ел түргелді, ес кіріп.
Президенттің естелігі-Теміртау,
Достар даусы тұра берсін естіліп!