Дариға «Асар» басшысы
Дариға-«Асар» десе Ел біледі,
Əкенің қызға дарып кең жүрегі.
Сенімнің дана сөзін көтерді ол,
Секілді Томиристің оң білегі.
Аспандағы Ай сынды ақ Дариға,
Əкедей Елге ашылды ақтарыла.
Асармен-ел тірлігін жөндеу деген,
Идеяда жатыр ғой көп мағына.
Əкенің сезіп жылы алақанын,
Саясатпен атырған ала таңын.
Жаңашыл «Асар»-қыран қанат қаққан,
Əке-ұстаз, ұшырған балапанын.
Көгінде Қазағының қалықтасын,
Жақсылық жасаудан еш жалықпасын.
Егемен ұлы Елді төрге тартқан,
Нұрекеңнің Нұрлы жолын тарылтпасын!
Асылдың тамырынан жаралған қыз,
Бабалар рухынан нəр алған қыз.
Нұрекеңдей –Қазақтың Нұр Күнінен,
Сəуле-қуат, ой алып таралған қыз.
«Болса да қыздар үшін тəртіп бөтен,
Қазақта-батыр қыз көп, артық, бекем.
Кешегі Тұмар, Айша, Домалақтай,
Дариғаға Ел жүгін артып кетем!»
Десе егер, Елге бақыт орнай берсін,
Президент-сайлау ашып, жолдар берсін!
Халықшыл «Асар» шықты жеңімпаз боп,
Аруағы Ата-баба қолдай көрсін!