Қарасайдан туған - Нұрсұлтан
Бастайын бір əңгіме Қарасайдан,
Қарасай жауларына құрған майдан.
Ардақты біздің ұлы Президент,
Тамырлы бəйтеректен жапырақ жайған.
Күшіне дұшпандары нанып еді,
Бас иіп алдына оның барып еді.
Қарасайлап аттанса аруақты ерлер,
Алты алашқа айбыны анық еді...
Қарасай-алашыма ұран боп тұр.
Ұланы-көкке ұшқан қыран боп тұр.
Президент есімі Атасындай,
Алты алаш айтатұғын ұлы əн боп тұр.
Сөйлейді Президентім шыңға қарап,
Сайға емес ол қағады қырға қанат.
«Өлі разы болмай тірі байымас» деп,
Мазарын ата-баба жүр жаңалап!
Бас иіп Мекке менен Түркістанға,
Ислами мұсылмандық жүр тұстарда.
Араша, ақ алақан-бəтуа айтты,
Дінді перде еткендер қырқысқанда.
Бабаның бізге берген алғысындай,
Ереміз Президентке жан қысылмай.
Президент-діндарлардың басын қосқан,
Бейбітшілік орнатқан Ар құсындай!
Президент маңдайыма қонған бақыт,
Тілеген талай қазақ сорлап жатып.
Егемендік-Алланың сыйы десек,
Президент-жүр соны Жерге орнатып!