19.05.2022
  129


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әз-Жәнібекке

Əз-Жəнібек бабаның,
Күңіренген дананың,
Тілегені ұрпаққа,
Бостандығы Даланың!
Зарлаған үні ананың,
Шырылы жас баланың,
Жəнібектер – дəруі,
Замана салған жараның.
Қызығып қазақ жеріне,
Сарыарқа асқар беліне,
Құмартқан қырсық дұшпандар,
Шықпастай кірді көріне.
Осындай қырғын апаттан,
Сақтаған құлдық азаптан,
Əз-Жəнібек ел бастар,
Ардақты шықты қазақтан.
Сұм ажал жеңді оны да,
Түсті-ау ажал торына!
Екі ғасырдан соң жетіп,
Егемендік жолына!
Қарайлап оң мен солына,
Төріне қойды оны да!
Əз-Жəнібек бастасын,
Бастасын бақыт молына!





Пікір жазу