Фариза Оңғарсыноваға
Біз білеміз атыңызды бұрыннан,
Елге мəлім балдай өлең, шырын əн.
Жаңа ғасыр, жаңа ұрпақ шөліркеп,
Сусындауда Фаризаның жырынан.
Болды өмірдің ащысы мен тұщысы,
Сіз ақынсыз өркен жайған нақты кісі.
Таңсəріде шырқап ұшқан қырансыз,
Қазақ қыздар өлеңінің басшысы.
Уақыт басқа – біреу анау-мынау дер,
Еңбек еткен екі адамды сынау да ел.
Фаризадай ұлы ақын дауысымен,
Бейбіт күнді, тербетіп тұр, мынау жер.
Мəңгі тұрмас содырлардың қоғамы,
Жылағанның болады ғой обалы.
Жүректерді емдеп жазған дəрідей,
Жырларыңыз бағалы да жоғары.
Уақыт басқа, қоғам басқа, күн басқа,
Ғасыр мұңы тұра бермес, бұл баста.
Əр заманның сұрқұлтайы өзінше,
Əр дəуірдің бұлбұлдары бір басқа!
Сіз – бұлбұлсыз, құмықпаған дауысы,
Тыңдайды оны жазық дала, тау іші.
Өзгермейді рухы биік жырыңыз,
Өзгерсе де адамзаттың ағысы.