Сәкен Сейфуллинге
(бірінші өлең)
Жиырмасыншы ғасырдың қас-қабағы,
Қатал еді, жабық еді, аспан əлі.
Революция! Бостандық! Ленин! Теңдік!
Сейфуллин есімімен басталады.
Елде – соғыс, көп еді аштар əлі,
Оқыту, тойындыру жас баланы,
Жас қазақ мемлекеті, оқу-білім,
Сейфуллин есімімен басталады.
Жендеттердің ызғарлы тас қамалы,
Қараңызшы мынадай масқараны;
Мың тоғыз жүз отыз жеті – ату, асу,
Сейфуллин есімімен басталады.
Тауқымет тағдыр салған басқа да əлі,
Қалды артта – қанды соғыс, тас бораны.
Алпысыншы жылдарда – ақтау, мақтау,
Сейфуллин есімімен басталады.
Шырқалып ақындықтың асқақ əні,
Бірігіп тізе қосты жастар, əні!
Егемен Қазақстан – жас қадамы,
Сейфуллин есімімен басталады!
Ойылып есімдері тасқа бəрі,
Ақталды арыстардың басқалары.
Ғасырдың аяғында жаңа əдебиет,
Сейфуллин есімімен басталады!
Орталық еткен кезде Астананы,
Шырқалды Қазақстан дастаны, əні!
Жиырма бірінші ғасырдың бас парағы,
Сейфуллин есімімен басталады!
(Екінші өлең)
Қазақстан деп аталған ел едім,
Барыс жүрек, қыран мінез ер едім.
Сəкен десе – айтқаныңа сенемін,
Жол таппасам, жолбасшы деп еремін.
Ақылды сөз, тапқаныңа көнемін,
Ол, жаңаша жалғасындай көнемін.
Ақиқат деп мен де Сəкендей өлемін,
Шындық үшін шырылдап-ақ келемін.
Ұлтты сүйіп, ұлтшыл болмай тұрмаймын,
Қазағым деп тер төгемін, тынбаймын.
Қажет болса – қаруымды шындаймын,
Сəкендей боп, қиындықтан қыңбаймын.
Сəкенді – артық басқалардан бұлдаймын,
Асыл, алтын, данышпан деп құндаймын,
Қазақ – іші тар, көре алмайды – бұл қайғым.
Жамандағандарға мойным бұрмаймын!
Ұлы Сəкенге – қызметші құлдаймын,
Ұлтым үшін жорғалаған құрдаймын.
Анау-мынау өсегіне сұмырайдың,
Пысқырмаймын, көбік сөзін ұрмаймын!
Сəкен жалғыз, Құдай жалғыз сияқты,
Күн сияқты кім өшірер шырақты.
Тебу үшін соған бұрсақ тұяқты,
Бүкіл халық жоғалтқаны ұятты!