Әлихан Бөкейханұлына
Ұлы тұлға айбарлы қыран мүсін,
Шың-құздар да жаралған тұрағы үшін.
Жомарт жанның арындай Əлиханым,
Мерт болдың Алаш, Қазақ ұраны үшін.
Сарыарқа – жер жаннаты дүбірлеген,
Заманы ерлеріне қырын келген.
Халқымның мақтанышы Əлиханым,
Оза шауып бəйгеден бұрын келген.
Тарихтан орын алар кімдер оңай,
Ұраның жел боп есер қыр, далада-ай!
Өр тұлға, асау мінез, асыл аға,
Адалдық, əділеттік тұлғаңа сай!
Жер-ана перзенті үшін еміренер,
Өнегең əр жүрекке келіп енер.
Əлихан егеменді ел, ұрпақтарың:
“Ұлы тұлға!” деп тұрып тебіренер.
Қырандай құзар шыңмен таласасың,
Əлихан, рухыңды таратасың.
Ұрпағымның бағына, намысына,
Дем беріп болашаққа баратасың.
Қазақ, Алаш тірегі, Сұңқарысың!
Талпынған темірқанат нұр таң үшін!
Жалт-жұлт етіп биікке қанат қаққан,
Ел аңсаған қазақтың ұрпағы үшін!