19.05.2022
207
Бауыржан Момышұлына
Қан майданда аңсап күтіп бұл күнді,
Гвардия алға қарай ұмтылды.
Момышұлы – ғашық жүрек, ақ үміт,
Алтын кірпік көктен төнген күн сынды.
Туған жерім топырағың тым ыстық,
Аңсағаны Бауыржанның Тыныштық.
Қаталдығы жарасымды бойына,
Ұрпағына таратады ырыс құт!
Шеру тартып жондардағы шуақтай,
Үлгі тұтқан ұрпақтары құрақтай!
Бозторғай да əн салғанда құбылтып,
Батыр жүрек тыңдайды екен тіл қатпай!
Күндер... Түндер... Алмасады Ғасырлар,
Көлбең-көлбең жармасады масылдар.
Татырғандай лəззаттың бал шырынын,
Үлгісімен жарқырайды Асылдар!
Тəуелсіздік таңы атты да, тағы біз,
Бауыржанды ұран етті жанымыз!
«Тəртіпсіз ел – ел болмайды!» - деді Ол.
Осы сөзге тақ тұрайық бəріміз