19.05.2022
  202


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ыбырай Алтынсаринге

Дүниеден қаншама жыл, көшті күн,
Талай рет қоңырау үнін естідім.
Ыбырай ата, өзің соққан қоңырауға,
Ол дауыстың теңемеймін ешбірін.
Мектебіңнің қоңырауы сүйкімді,
„Кел, балалар, оқылық!” бір күй сынды.
Қазақ халқы, білім ал деп тұрғандай,
Таста дереу жалқаулық пен ұйқыңды.
Қоңыраусыз іс бітер ме, қараңыз,
Білім қусын Ыбырайша балаңыз.
Өнер-білім бар жұрттардың жеңерін,
Айтып кеткен өсиет қып данамыз.
Мектеп болып ашылсын деп мың есік,
Жүрді Ыбырай надандықпен күресіп.
Мың-мың миллион Қазақстан ұл-қызы,
Жайнап келед іздерінде гүл өсіп.
Қазақ елі, Қазақстан аманда,
Ыбырай атың өрлей бермек əмəнда.
Өткен ғасыр өмір сүріп кетсең де,
Жол сілтейсің келер ғасыр, заманға.
Қазағымның компас болдың көшіне,
Оқу-білім беріп кеттің несібе.
Жақсы істі бастар кезде үнемі,
Ыбырай Ата, Сізді аламын есіме.





Пікір жазу