19.05.2022
  142


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Партизандар ұясында

Партизандар мекені. Орман іші
Қарулы адамдардың қорғанысы.
Көндігіп Зоя жорық жағдайына,
Орманның отау үйдей болған іші.
Танытып бойжаткенге тəн кішілік,
Сыр берген жоқ жүрсе де сан қысылып.
Орындап ең алғашқы тапсырманы
Аз күнде барлауға да қалды ысылып.
Зоя қыз – елеңдеген дəл бір елік,
Туралығын талайлар қалды көріп.
Ұыатты қаруластар Отан үшін
Өлімге басын тіккен жанды көріп.
Беймəлім болып тұрды жол алдағы,
Мүмкін ғой бір жорықтан оралауы.
Зоя бұл – жанашыр да, ашық мінез,
Зоя бұл – жүрегінде көп арманы.
Күн батып, кəрі орманға кеш кіретін,
Кешкі орман талай ойды кешіретін.
Жиналып жігіт-қыздар би билейтін,
Асқақтай əн, музыка естілетін.
О, соғыс! Аман жүрген əр күн дастан,
Жігіттер ала салып бөркін бастан
Қыздармен фокстрот билеуші еді,
Етіктен аяқтағы тартынбастан.
Ал Зоя ұнатпайтын бұл күйлерді:
- Апырау, мұндай кезде кім билейді?
Ойнауға емін-еркін хақымыз жоқ! –
Дейді де топ ішіне кірмейді.
«Ойлауға ерте əлі думан жайлы!» -
Дейтін ол көкірегін буған қайғы.
Оңаша бөлек кетіп, кітап оқып,
Қалайтын өз-өзінен мұңданғанды.
Үңілмей тереңіне оқиғаның,
Сен бұған күлмей-ақ қой, оқырманым.
Жан-дүние тазалығын көрсетпей ме
Зояның кітап оқып отырғаны.
Тірліктің кімді өзгертпес ұлы ағысы,
Ал Зоя тасығандай бұла күші:
Тапсырма орындауға шақырылса,
Сол еді – оның үлкен қуанышы.
Арқалап қиын шақта арман жүгін,
Барлауға тағы аттанды пəк жан бүгін.
Зоя қыз аңдаған жоқ, енді сүрер
Өмірде үш-ақ апта қалғандығын!





Пікір жазу