19.05.2022
  155


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

«Колизей» кинотеатры

Майданның алаңдатып кіл хабары,
Атты ауыр октябрьдің бір таңы, əне.
Кинотеатр «Колизей». Зоя осында,
Суықтан əлсін-əлсін қымтанады.
Ала бұлт аунақшиды аспан жақта,
Қары көп қатал қысқа баспалдақ па?
Келіскен қыз-жігіттер осы жерден
Партизандар тобына аттанбаққа.
Кездесіп өңшең жастар көңілденіп,
Топтасты партизандық бөлімге еніп.
Соншалық жарасады думандары,
Бұларды бөле алмастай өлім келіп?!
Бойларын дуылдатқан өр талабы,
Елеңдеткен Москва, ел хабары.
Болашақ киноларда бас қаһарман,
Тарихи кейіпкерлер лентадағы.
Күндердің елесі ғой ол кешегі,
Оларға солай десең сөнбес еді.
Өйткені өлімді ешкім ойламайтын
Он жеті-жиырмадағы теңдес еді.
Жастардай бірге өткізер дара кешті,
Танысып, достық туды арада өстіп.
- Ал, қане, танысалық, Саша!
- Катя!
- Мария!
- Зоя!
- Валя!
- Вера, - десті.
Зояның көзқарасы – өткір алмас,
Орынсыз зорлық көрсе тек тұра алмас.
Келісті сұлулықтың құдіретін
Сурет, сөз, фотоаппарат жеткізе алмас.
Тоқтады жүк машина топқа жанай,
Аттанды, бағыттары – топ қарағай.
Орманға – партизандар бөліміне,
Можайск тос жолы жаққа қарай...
Ал алдан сойқан соғыс есті лебі,
Елең қылып жатқа жоқ ешбіреуі.
Орманның ар жағынан, алдарынан,
Гүрсіл мен канонада естіледі.
Айта алмай соғыс салған қайғы жайлы
Жапырақсыз орман да жай жылайды.
.. Бомбаның шұңқырына толған сулар
Адамның көздерінен айнымайды.
Жүрегін тебірентіп жыр легі мол,
Ойлайды мектептегі күндерін ол.
... Осы өлке, осы сулар бір айдан соң
Өзін іздеп жоқтарын білмеді ол.





Пікір жазу