19.05.2022
  98


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Домбыра

«Қазақтың бар даласы əн салғандай», -
Деп бізге болса достар тамсанғандай.
Күйіңнің екпінінен, көп тілінен
Бал жұтам – бір мұхитты тауса алғандай.
Сендегі арман қандай, аңсау қандай,
Жүрегім жер-жаһанға жар салғандай.
Добырам, сөйле, сайра, тебіренейін,
Алдымнан атамекен қарсы алғандай.





Пікір жазу