19.05.2022
  246


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Менің атам

Сақина мен білезік,
Əп-əдемі жүзікті –
Бəрін жасар бір өзі,
Өнері тым қызықты.
Атам шебер керемет,
Бəрін жасар, не керек!
Бос отыру жоқ онда,
Он саусағы өнерлі.
Жамай салар табанда
Тесік шелек дегенді.
Атам шебер керемет,
Бəрін жасар, не керек!
Бұйым жасап, тегінде,
Жаңартады көнені.
Атам құсап менің де
Ұста боғым келеді.
Атам шебер керемет,
Бəрін жасар, не керек!





Пікір жазу