19.05.2022
  155


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әже

Немеренің сипалап айдарынан,
Кəрі кемпір салатын майда бір əн.
Əсем əлди əуені естілетін
Жырақтағы жастықтың жайлауынан.
Əже кетті өмірден, көп өтті күн,
Немеренің мінезі бөлек бүгін.
Ойнап отыр шуақта жалғыз өзі,
Бір əженің білдіріп керектігін.





Пікір жазу