19.05.2022
135
Қыс
Ақ қарды адам басқанға
Қапалана қалып қыс,
Мамығын төгіп, аспанда
Сілкінген сынды алып құс.
Ашумен аспан бұлқына
Ақ қармен жерді жабады.
Аспанның асау бұлтына
Шыршалар күле қарады.