19.05.2022
  113


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Сентябрь қандай көңілді...

Сентябрь қандай көңілді,
Класқа сəуле төгілді.
Сүйеміз асыл мектепті,
Сүйеміз бейбіт өмірді.
Сеніммен алға барамыз!
«Төрт» жəне «бестік» аламыз.
Жанашыр туған Отанда
Жадырап өсер баламыз.
Анамыз Отан – панамыз,
Отанда от боп жанамыз.
Ертеңі – елдің өркені
Азамат болар баламыз.





Пікір жазу