19.05.2022
149
Жау, жаңбыр, гүлге айналсын құмның бəрі...
Жау, жаңбыр, гүлге айналсын құмның бəрі,
Тамшыңның шөпті оятсын сыңғырлары.
Толықсып бидай піссін, жер исінсін,
Байлыққа тола берсін тың қырманы.
Иіліп тамшы күтті гүлдің өзі,
Кептірді кенезесін құмның лебі.
Ақ жаңбыр, айналайын, құйыла бер,
Аспанның қасиетін білдіргелі.