19.05.2022
  174


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тентек қой дауыл, қарашы...

Тентек қой дауыл, қарашы,
Көлшіктің суын шайқады,
Аралап үйлер арасын
Есікті тартып байқады.
Сыпырып талдың желегін,
Мазасын елдің кетірді.
Күшейіп дауыл дегенің
Аспанға қарай секірді.
Ұшырды құрғақ қауызды,
Дəнді де шашты далаға.
Өзенді жылдам ағызды,
Секірді арғы жағаға.
Күштімсіп дауыл бұл маңда,
Орманға жетті бөгелмей:
Жапырақ толы орманды
Тып-типыл етсем дегендей.
Орманның емен-терегі
Бірікті қалмай тек бірі.
Содырдың жолын бөгеді,
Басылды дауыл екпіні.





Пікір жазу