meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.05.2022
  176


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жадырып, жібе жел қунақ...

Жадырып, жібе жел қунақ
Аялап, сүйді жусанды.
Нұрланып жүзі, балбырап
Қоңырқай құмдақ бусанды.
Асығып жүрген қаңбақта
Азайып мінез адуын.
Түнеріп жатқан тау жақ та
Жұтады жаздың сағымын.





Пікір жазу