19.05.2022
  512


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ПЕНДЕШІЛІК ЖОЛЫ

Ей, перзент, пендешілік жолынан оның мән-ма- ғынасы жайында сұраған екенсің жауап берейін. Пендешілік үш негізгі мәселеден тұрады: Бірін­ шісі – шариғат істерін қолға алып, оны амалға асырмақ. Екіншісі – Алланың тағдыры мен әзә- лі қазасының қадіріне көну. Үшіншісі – Алланың ризалығын тілеп, нәпсі талап еткен нәрселерді шектемек (яғни нәпсіні тимақ).


Және тәуекел жайында сұраған екенсің. Тәуе- кел – бұл шапағатты және мейірімді Алланың мархабатына пендесіне атаған уәделеріне сенім- ділігі берік және күшті болуда ғибрат алар. Басқа- ша айтқанда, бір нәрсені саған жан-жақтың бәрі лайық көрмей қайтарса да, саған сол тағдырыңа жазылған болса немесе керісінше, сол бір нәрсе тағдырыңа жазылмаса, саған нәсіп болмайтынына сенуің берік болуы шарт. (Дүние төңкеріліп кетсе де тағдырға тәнтілік жасау қажет)


Ей, перзент, ықылас жайында сұраған екенсің. Ықылас деген істеген іс амалдарың (Алла үшін) және егер сені біреу сыртыңнан мақтаса, одан сенің діліңе артықша мастандық пайда болмауы, мадақтаған жағдайдың өзінде, пәруәйіңә алмаған дұрыс. Түптеп келгенде, істеген іс-әрекет амал- дарың пенделер үшін емес, Алла үшін істеліп отырғандығы есіңде болсын. Адамдар ізет-құр- мет жайына қойып, тағзым етіп жатады. Ал бұн- дай жағдайдан рия пайда болады. Рияны қайта- рудың дауасы, адамдарды Алланың құдіретіне мойынұсынған жағдайда көру болар. Пенделер саған ақиқат мағынадағы рақат, яки машақатты қиыншылықты жеткізе алмас. Оған құрбы қуаты жетпейді. Жаратылыстағының бәрін жансыз бір нәрсе сияқты есепте. Егер жұртшылықты ұлық мақсаттың бірден-бір иесі деп күмәнданатын бол- саң, рия сенен қашықтамайды. Бұл рия мен сен Алла жолына емес халайық үшін ғибадат қылған боласың.


Ей, перзент, басқа да қалған мәселелерді сұра- ған екенсің. Оның жауабын басқа кітаптарымнан тауып аласың. Кейбіреулерін жазу – күпір (арам). Енді, өз білгеніңше ic-әpекет амалыңды атқару үс- тінде білмегендеріңнің беті ашылады.


Ей, перзент, бүгіннен бастап тілге алудың өзі лайықсыз нәрселерді сұрамағын. Жан-жағыңа назар салсаң, әр жерден таңданарлық та түңілетін де істерді көресің. Сопылықтың бастамасы жан- нан кешу деген сөз. Бұл жолы да жаннан кешу керек. Зүннүн Мисри шәкірттерінің біріне: «Егер жаныңнан кешуге қүдірет-тағатың жетсе, бұл жол- ға кір жетпесе, сопылықпен шұғылданба» депті.


Ей, перзент, сегіз насихат айтайын, қабылдағын. Алдымен, істеген іс-әрекет амалдарың қиямет кү- нінде өзіңе дұшпан болып шықпасын. Бұл сегіз амалдың төртеуіне рия қылғын, қалған төртеуінен баз кешіп үміт етпе! Үмітіңді үзетін төрт амал- дың алғашқысы – бірде-бір мәселе үстінде біреу- мен тағатың таусылғанша бақастасып жанжал шығатын дәрежеде тартыспа. Өйткені мұның пайдасынан гөрі, зияны көбірек. Рия – қастық, тәкәппарлық, кінәмшілдік, дұшпандық және бас- қа кеселді жаман қылықтармен тектес болар. Мысалға: сұхбаттасың иә сенімен ақылдасушы ор- тасында бір мәселе шығып қалса, сол мәселенің шешімінсіз кетуіңді қаламауды талап қылсаң, ол жағдайда ақиқатты анықтауға рұқсат беріледі. Алайда, мұның екі жағдайы бар. Біріншісі – мә- селенің құжаты, ақиқат дәлелі сенің тіліңнен шыға ма, я сұхбаттасың жағынан шыға ма? Бұр- маламай, бұны өзіңе артық-кемдік те санамай, теңдік дәрежедегі ақиқат сөзді тауып айтуың керек. Екіншісі – бақас халайықтың қоршауынан гөрі, оңашалау жайда болғаны мақұл. Бақастық- тан бұл қорыққандығың емес, бәлкім бұл Алла- ның ризалығы болар. Ұмытпағын, сен үшін бір қызметкер бар қадірі мүшкіл болған мәселені ға- лым данышпандардан сұрап білмегін. Кеселдінің хал-жайы білгір тәуіпке емдеткендей нәрсе. Ол мәселе шешімін тапқан жағдайда ауырған жерің шипа тапқандай болады. Ей, перзент, жадыңда болсын. Надан, білімсіз адамдардың болмыс біті- мі ауру адамдарға ұқсаған болар. Оларды емдейтін тәуіп, ғалымдар мен данышпандар болар. Алайда, надан адам бұған ынтызар емес. Әрдайым нағыз (тәуіп) ғалымдар ғана кеселдінің жазылуына көзі жетсе ғана емдей алады. Өз кезегімен кеселге бер- ген дәрі-дәрмегін шама-шартына қарай қабылдай- ды. Егер жазылмайтын дертке тап болған жағдайда білгір тәуіптер ем қонбайтын бұл сияқты кеселді алдынан біліп, бостан-босқа ауре болмайды. Ей, перзент, надандық кеселі төрт түрлі болар: оның бірінші түрі – берген дәрі-дәрмекті қабыл етуші. Қалған үш түрі – бұған керісінше, басқаша. Осы үш түрлі кеселділердің бірі – кімде-кім саған қарсы сауал берсе, сен оған иба-ізет сақтап, мәнді жауап қайтарсаң да, я әдебіне лайықты мәмілелі жауап берсең де саған бәрібір бастапқы ашу-ғазабымен қарай берер. Жақсысы мұндай адаммен сауалына жауап іздеумен шұғылданбай, сөйлемей қоя салу. Ақымаққа айтылатын жауаптың ең жақсысы сөйлемей қоя салу. Бәйіт:


Ақымаққа ақыл айтсаң жаудай болар, Өзге – төбе, өзі бір таудай болар.


Алла тағала Құран Кәрімде хабар беріпті. «Ей, Мұхаммед, Құраннан жүз үйірген кісілерден сен де жүзіңді үйір. Олар бұл дүниедегі өмірден бас- қаны қаламайды және нәпсі қызығына ілесіп өліп тынады» депті. Шын мәнінде, қастандық- пен не қылмасын, не демесін, бәрі барлығын да отқа жағады. Бір себеп болып, Пайғамбарымыз Мұхаммед Әлейһисалам айтыпты: «Алау оты жанғандай, қастандық адамдағы бар жақсылық- ты жағушы» деп. Надандықтың екінші түрі – емді қабыл етпейтін кесел – ақымақтық болар. Сондықтан Иса Әлейһисалам: «Өлікті тірілтуге құрбым жетеді, бірақ ақымақты емдеуге шамам келмеді» депті. Ақымақ сондай кісі болар. Аз ғана уақытта, ақыл шарқы арғы-бергі ілімдер- ден хабары болады да, кез келген адаммен сол үйренгендері жүзесінен әңгіме көтеріп, тартысып бағады. Ақылға ауыр келген мәселелерді ұлық данышпандай, ішінде түсініксіз күмән қылады және ол асыл заттардың қадіріне жетпейді. Берген сауалдары майда-сиқалыққа негізделген, демек ақымақтықтан алшақ кете алмайды. Міне сол сияқты ақымақтардың сауал жауабына тұтылып қалмағаның мақұл. Ал үшінші – емдеу кеңесі әсер етпейтін надандар қауымына, мына топтағыларды жатқызуға болады. Егер де әрбір жан ақиқатты талап қылса, жалпы ұлықтардың бұл атыраптағы сөздерін пайымдай білсе, бұны өзінің пайымы- ның нұқсандығы екенін біле тұра, соған қарамай бір нәрседен үміткер болып сауал бере берсе, бір сөзбен айтқанда, ақиқатты білуге зейін парасаты жетпесе, ондай адаммен мәмілелесіп өзіңді қина- ма. Бәрібір сөзіңді ұқпайды. Сондықтан Расулла- ның (С.Ә.У.): «Біз, Пайғамбарлар, халықтың ақы- лына орай сөйлеуге бұйрық алғанбыз» дегенін еске алған жөн. Төртінші – дәрі-дәрмекті қабылдаушы кесел, яғни надан жайында кісі ақылды, пайым- парасатты, ақиқатты сүйетін, күнәмшілдік, қас- тық сияқтылардан аулақ және мал-дүние, абыр- ой мәртебеге берілмеген сұраған сауалдары қас- тандық күмән әдепсіздіктен болмай, ниеті қа- лыс жолда болса, бұндай кесел дәрі-дәрмекті уақыты мезгілінде қабылдауға лайықты. Оның сауалдарына тиянақты жауап берсе болады. Жауап берілу қажет те. Өйткені, берген жауаптарың оның надандық кеселіне ем болады. Алайда жоғарыда, айтылған қаскөй надандардың сауалына жауап жоқ. Енді осы сегіз насихаттың (істелмеуге тиіс- ті терт амалынан) екіншісінің баянына келейін. Ақыли момынға бағзы бір сөздерде айтуда ықтият болған жақсы. Өйткені, сөз сейлеушіге апат көп. Егер айтатын үгіт-насихаттарыңа алдымен өзің амал қылып, соңынан халыққа айтсаң бұл сөзің дұрыс болар. Ей, перзент, Иса Әлейһисаламға айтылған сездерді есіңе сақта: «Ей, Мариям ұлы, әуелі өзіңе насихат айт,, қабылдасаң оны халыққа айтуға жүзіңді бұр. Егер өзің насихатты қабыл етпесең, құдайдан қорық, халықтан ұялып, оларды мазалама» деген екен. Егер кейбір істер- ді орындамауға ләжің қалмаса екі нәрсеге сақ бол. Біріншісі – сөздерің артықша ишараттар, негізсіз хикаялардан, мағынасыз өлең-жырлар- дан жалпаштанып, көпірме сөзге айналмасын. Өйткені, Алла тағала ондай көпірме сөзділерді ұнатпайды. Оларды дос тұтпайды. Шеттен шық- қан көп сөзділіктің ішкі мазмұнының мағынасыз да, мәнсіз, өкінішті екенін дәлелдеп тұрады. Кей- бір сөйлеулердің мән-мағынасы пенде ақырет- ті еске алып, Алла алдында өзінің әлсіз екенін мойындағаны, өткен өмірінің пайдасыз істермен зая кеткенін және болашақта небір қиыншылық- тар күтіп тұрғаны, Әзірейіл жан алғыш алдында халі қандай болатыны, Мүңкір-нәңкір сұраулары- на жауап беруге дайын, не дайын еместігі жөнін- де, қиямет күні Махшардағы ахуалы, сират көпі- рінен өту жағдайы, жаһаннамға түсіп кетпеудің қамын жеуі сияқтылардан құралады. Міне, осы қиыншылықтар дәйімі бағзы тыңдаушылардың жады-қаперінде болуы, өн бойында оттай жанып тұруы және бой көрсеткен кейбіреулердің қайғы- қасіретінен ғибрат алғаны жөн. Насихат деп соны айтады, яғни халыққа насихат айтпақтағы мұрат- мақсат – ең бір қажетті деген ақиқатты жинал- ған мәжіліс қауымына хабардар ету, сыналған кем-кетік олқылықтардан жұртшылықты хабар- дар ету. Кейбіреулердің айыптарын бетіне басу, болатын қайғы-қам оттарын болмыс жан-дүние- сіне алып кіріп, көңілін жылытып, сол қайғы ға- ламатынан сергектендірмек. Өткен өмірлерінің қорытындыларын қал-қадірінше жүйелеп, Алла ғибадатынан тыс кешкен күндеріне қасірет-өкі- ніштерін білдіріп, тәубеге келу болар. Сол сияқ- тыларды насихаттар мазмұны деуге болады. Мы- салға, бір адамның үйін сел басып келе жатыр дейік, сен бұл жағдайдан хабардар болып, сол адамның үй-ішін ойда-жоқта, төтен селден қа- шыңдар, сақтаныңдар деп хабарландырасың. Сол қатерлі жағдайда үйдің иелеріне тосыннан болған оқиғадан хабар айтып, сөз сөйлеп, оларды селден құтқару жайында айтқандарың олардың көңіліне дұрыс келіп, сендіре алдың ба? Жоқ, әлбетте, егер сен қандай сөз болсын айтып, тез оларды апаттан құтқарып қалуың керек қой. Түсіндіріп отыру ақылға лайық па? Насихат дегенің де сол сияқты. Халайықты көр азабы, жаһаннам азабынан хабардар етіп, қалай болсын тезірек түсінетін тілде апаттан құтқарып қалу шарт. Кейбір түсіндіруден өте сақ болмақ абзал.


Үгіт-насихат айтуда өте ықтият болмақтың екінші жағы – насихаттың мақсаты – мәжіліс қауымын таңқаларлықтай, олардың ынта-ықы- ласын аударып, «Ой, қандай ұлық аталы сөз- дерден насихат айтылды!» дейтіндей дәрежеде сөйленіп, тыңдағандар жағасын ұстап, мейір- махаббатын асырып, өзіңе қарай бетін аудара білу керек. Өйткені, олардың бәрі риякерлікке жақын. Ал рия деген – білімсіздік, артта қалушы- лық, оралымсыздықпен ұштасып жатады. Бәлкім бағзы айтатындардың негізгі мақсаты – халықты фәни дүниеден ақыретке қарай назарын аударып, күнәдан – ғибадатқа, ашкөздіктен – нысаптылыққа, бақылдықтан – сақилыққа, ақыретке күмәндану- дан – каміл сенімге, білімсіздіктен – білімділікке, астамшылықтан – тахуалыққа, кішіпейілдікке бе- тін бұрғызу қажет. Бұл мағынасыз қалыбына ақы- рет ышқы махаббатын пайда етіп, өткінші дүние- ге көңіл бөле бермей, ғибадат жолдарына түсуге беттерін бұру керек.


Тағы да айтатын бір мәселе, Алланың жақсы- лық мархабаты мол, мейірім-шапағаты елшеу- сіз деп халықты адастырып қоймағын! Өйткені, бұдан оның көңіліне жайбарақаттық, астам- шылық кесепаты пайда болар. Шариғат жолы- на кірместен, Алла рүқсат етпеген істермен шұ- ғылдану жаман құлықтарды арттырады. Бұның орнына келешекте кияметте болатын азапты оқиғаларды ескертіп, олардан қорқу қасиетін жан-діліне жарастыру қажет. Олардың ішкі жан- дүниесіндегі жағымсыз кеселдерді жойып, сырт көрінісі де жүз берген жаман іс-амалдарын жақ- сы істермен алмастырып, тағат-ғибадатқа бет бұ- рып, мейір-шапағат нышандарын арттыра түсіп тартынбастан, қол ұрған күнәлардан арылуға бетін бұрып, тәубе қылуға шақыру керек. Үгіт- насихат айту жолы, міне, осындай болуы шарт. Әрбір айтылған үгіх-насихатта жоғарыда айтыл- ған шарттар орындалмаса, онда насихатшының да, тыңдаушының да халі мүшкіл. Бәлкім, бұл сияқты риягерліктен білімсіздікпен, құдіретсіз насихат айтушылар – шайтанның көмекшісі. Олар халықты тура жолдан аздырып, апатты жаман жол жаққа қарай жетелейді. Ал халық деген бұл сияқ- ты үгітгердің жетегіне тез көнуге бейім тұрады. Бұл сияқты үгіт дінді соншалықты бұзады. Ондай іс шайтанның да қолынан келе бермейді. Кімде- кімнің құдіреті жетсе, осы сияқты насихат-уағыз айтатын риякерлерді мінбеден түсіріп, қуу керек. Ондайларға әмір, мағрұп жайында насихат уағыз айттырмай, тойтарыс беру керек (шариатқа жаман саналған істі айтатындарға тиым салу қажет де- мекші), Енді сол сегіз насихаттың орындалмау- ға тиісті төртеуінің үшіншісіне тоқталып, баян- даймын.


Өзіңді падиша әмірлерінің үйлеріне жақын- датып, сұхбаттас болма және оларға дәме көзің- мен қарама! Өйткені, олармен бірге отыру көңіл- дес, сұхбаттас болудың үлкен апатты жағдайлары болады. Ілуде бір реті келіп, бірге отырып қалатын жағдайда оларды мақтап, дәріптеуден өзіңді аулақ ұстағын. Пасық залымдар мақталған уақытта, Алла тағала ғазаптанып ашуланады. Кімде-кім, залым пасықтардың мансап-мәртебесінің мәңгі-бақи өсе беруіне қол көтеріп дұға қылса, Алла тағала оларды өзі жаралған жерінде тұрып, күнә ісгеуге лайықтымын дегендерден депті. Шын мәнінде, залым-пасықтардың күнәдан басқа істейтіндері жоқ қой. Істеуге тиым салынған төрт амалдың бірі – төртіншісі, есіңде болсын, әміршілердің сыйын әр уақытта қабылдай бермегін. Тіпті, ол адал, сый болған жағдайдың өзінде алмағаның жөн. Өйткені әкімдердің сыяпатына дәмеленудің өзі бұзады. Дәме – дінді де, болмыс-қалыбың- ды да бұзады. Егер берген сыйларды қабыл қыла қалсаң, әкімдерге жақтас, бұл жұмысыңмен сен де ақыретіңді ойламай, дүниені қамтып қалу жағына шығып, үстемдік жағында болып, ха- лыкқа жасаған жәбір-зұлымдығына разылық, қо- шеметшілдік сияқты істерден жиренбейтіндер қатарынан көрінерсің. Мұндайлардың атын «іріген келісімпаздар» дейді. Айталық, сен олардан арзымайтын сауға-сый алдың, ал ол сыйың саған істелген сиқырдың жадысындай залым қуларды дос тұтып қаласаң, залымға дос болу деген – оның өмірі ұзақ, мәртебесі биік болуына өмір-бақи тілектес болу деген сөз. Кімде-кім, залым әкім- нің өмірі ұзақ, мансабы биік, мәңгі-бақи болуы- на тілектес болса, ол әкімнің қол астындағылар- ға зұлымдық жасауға, ғаламды қарап етуге разы- лық бергенінің ғаламаты болар. Міне, сондай кісілермен (әкімдермен) дос тұтынсаң дінді та- ланға салып, иман саламаттығын қатерге тап ететін ең залалды кеселге тап боларсың.


Ей, перзент, шайтанның айла-шарына түсіп қалмауға әрекет жаса. Шайтан саған залымдардан тіллә-байлықтарды алғаның мақұл деп азғырады, мүсәпір-ғаріптерге нәпәқа бергін деп айла жа- сайды. Сен шайтанның мұндай айласына алдан- ба! Өйткені, шайтан осылайша талай иманы то- лық адамдарды қармағына түсіріп, қор қылған, шайтанның азғыруында неше түрлі жасырын апаттар бар. Ол жайында жан-жақты білгің келсе


«Эхия-ул-улым» кітабын оқы.


Енді, осы сегіз насихаттан өзіңді дұрыс бағыт- та ұстауыңа қажетті төрт амалдың біріншісін баяндайын: ол Алла тағалага деген мәмілең, қа- рым-қатынасыңның қандай болмағы жөнінде. Бұл мысалы, сатып алған құлың сенімен қай жосында мәміле қылса, сенің көңіліңе ұнап, оның қызме- тіне разы болсаң, Алла тағалаға сен де дәл сон- дай разы болатындай дәрежеде қызмет істеуің керек. Құлыңның кейбір теріс істерінен ренжісең, Алла тағала да сенің теріс істеріңе разы болмайды. Мұндай мәміле Аллаға әр уақытта лайықты деп ойламағын. Ол сенің шын мәніндегі ұлық қо- жайының ғой! Төрт жақсы амалдың екіншісі – әр уақытта адамдармен бірге іс істемек болсаң, өз ақылыңа мақұл келген нәрсені оларға да айтқын. Өйткені, өзің мақұл келген нәрсені басқа бір мұ- сылманға түсіндіріп, оны қабылдамайынша, еш- бір пенденің саған деген сенімі артып, иманы кәміл болмайды. Үшінші насихат – төмендегіше, егер талап қылып білім алсаң, ол ілімің нәпсіңді тазалап, жан-дүниеңді нұрландырып жарқыра- та түсетіндей болсын. Егер өміріңнің аяқталып қалғанын сезсең, қисын-логика сияқты пайдасы шамалы ілімдермен шұғылданба. Өйткені, бұл ілімдер ақыретте саған ешқаңдай пайда бермес. Жан-тәніңді шүбәсіз пәктеу үшін нәпсінің зиян апаттарын жан-жақты танып қана қоймай, дүние- нің барды-келділерінен жүз үйіргенің мақұл. Тек қана нәпсіңді жаман қылықтардан тазалап, оны жақсы сипаттармен безендіргенде ғана Алла ма- хаббатымен шұғылдануға лайықты боларсың. Өйткені жетіліп-пісіп қалған адам, фәни дү- ниенің ешқандай да уақытын бос өткізбей, дү- ниеден алаңсыз болғаны абзал. Осы тұрғыдан қарағанда, бір күн өмірің қалған болса да жан- тәніңді қалыбына келтіретін нәпсіңді пәктеуге бағытталған істермен шұғылданғаның жөн. Ей, перзент, бұл сөзім әруақытта құлағыңда бол- сын және әрқалай ойланып көргін! Одан ешқан- дай зиян таппайсың. Егер саған бір аптадан кейін Падиша үйіңе зиаратқа келеді деп хабар берсе, анық сенемін, осы қысқа мерзім ішінде ғалам иесінің назары түседі – үй-жайың, киім-кешегің,түр-тұлғаңды тазалап, ішіп-жейтіндеріңді рет- теп, бәрін де дайындап қоюдан басқа істермен шұғылданбағайсың. Сен нәзік пайымдыдансың, неменелерге ишарат етіп айтып отырғанымды сезіп отырған шығарсың? «Зерек пайымдыға – бір сөз, ақылдыға – бір ишарат жеткілікті» дейді. Бұл дүниенің падишасы үшін, оның назары түсуі мүмкін болғаны үшін – соншалықты желіп-жор- тып жүрдің – падишалардың падишасы бола- тын Акиқат Падиша – Алла тағаланың назары қиялыңа келді ме? Бірақ Алла тағаланың назары жан-тәніңнің қалыбынан басқа жерге түспейді. Жаратылыс қалыбыңды дүниеңнен де таза пәк ұстай біл! Расулла (С.Ә.У.): «Ақиқатында Алла тағала сіздердің суреттерің мен амалдарыңа қа- рамайды, оның назары жан-дүние, жаратылыс- қалыбыңа, ниеттеріңе қаратылған» депті. Егер қалып жағдайынан кеңірек хабардар болғың келсе «Эхия-ул-улыма» және басқа да жазған кі- таптарыма қарағын. Өйткені, қалып ілімін біл- мек – парыз, Алланың парыздарын орындау жайында жетерлі мөлшерде тахарат, намаз, ілім және басқа да ілімдерді иеленбекке парыздың өзі жетіп жатады. Алла тағала саған нысап беріп тәубаға келтірсін. Менің бұл насихаттарымды іш- кі жан-дүниеңе жайғастырып, иелік етуге әрекет қылғайсың. Ендігі төртінші насихат, бір жылға жетерлі мөлшерден артық байлық жинама. Бұл жөнінде Мұхаммед (С.Ә.У.) бағзы бір үйлеріне қатын, бала-шағалы отандарға қажетті ас-ауқат басқа да қажеттіліктерді дайындауда айтады екен:


«Ей, Рәббім, Мұхаммед үйлерінің қажетті нәпа- қасын өз мөлшерінде қылғын, көп те қылма, аз да қылма» депті. Мұхаммед Әлейһисалам барлық үйлеріне қажетті напақаны жинамайды екен, кейде қиналып қалмасын деп ас-ауқаты азайып қалған үйлеріне тарығып қалмауына сенімге- рін күшейтіп тәуекелге бел байлатып, бір күн- дік немесе жарым күндік ризықтарын жеткізіп тұрған екен.





Пікір жазу