ІЛІМ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ ҚОСУ
Ей, перзент, сақ болғын, Расулилланың үмбет- теріне айтқан ақылдарының бірінде: «Алла таға- ла пендесін өз кеңдігінен жырақ ұстауының се- бебі – ол пенденің ақыретте пайда бермейтін іс- термен шұғылдануынан болар. Ол кісі өмірінің титімдей болса да бір сәтін босқа өткізсе, соның өзі қиямет күні өкінішті жай. Бір адамның өмі- рі қырық жастан өтсе, жақсы істері жаманынан артық болмаса, бұл кісі де жаһәнға дайындық жасай берсін» депті. Осы бір хадисте ақыл ілімін қастерлейтін ұлық ғибрат бар. Ей, перзент, наси- хат айтпақ оңай. Алайда оны қабыл ету қиын екен. Кейде насихат айту көңіл талабына сай келген- мен, істі атқарушы кісінің табиғатына сай кел- меуі ықтимал. Оның себебі, шариғатта жаратпай тасталған нәрселер. Сол бір сәтте ол кісінің көңі- ліне мақұл келіп, оны қолынан шығарып таста- ғысы келмейді. Ақиқатында, сондай кісілерге ка- ләм, шарип, басқа да қисынды ойлау ілімінің тала- бынан тыс айналып, заң ілімімен керегінен артық шұғылданып, көңілі қалаған дүние істеріне ес-түсі бүтіндей ауып кетеді. Бұларға да насихат айту өте ауырға айналады. Өйткені олар: «Бұл жеке іліміміз Алланы разы қылуға және жаһаннамнан құтылу- ға пайдасы болар» деген күмәнді пайымдауларға берілгендер. Және ілім болғанымен де іске қаже- ті жоқ деген ұғымға сай іс істейтіндерден. Осы сияқтылардың өзімен ғана қанағаттанып, істерін істеп жүргендер баршылық. Мұндай кісілер ша- риғатты құрметтеген болып, олар ілімі бола тұ- рып амалға аспаса да бұл сияқты жайттан пайда жоқтығын білмейтіндерден. Қабыл етіп, оқып үйреніп, оны іске асырмай тастаған адамдар- дың қиямет күніндегі азабы екі есе артық болар. Расулилла (С.Э.У.): «Оқыған ілімі пайда берме- ген ғалымның қияметтегі азабы қатты болар» депті. Айтылып келе жатқан дерекке қарағанда, Жүнайт Бағдади дүниеден өткен соң, бір кісі түсінде ол бір қасиетті ғазизден сұраған екен:
«Ей, Абул Қасым халіңіз қалай?» деп. Сонда ол:
«Оқылған ілімдер бекер болды. «Оны істе, бұны істемеге» ұқсаған нәрселер жоқ болды. Тек түнде тұрып оқыған намаздар ғана пайдаға қалды» депті.
Ей, перзент ісіңде амалсыз болма, Сопылардың сөзінен хабарсыз болма.
Іске асырылмаған ілім ешқашан пайда бермейді. Мәселен, бір кісі шөлде жалғыз қалды делік. Оның он бірдей үнді қылышы және басқа да құралдары бар болсын, өзі де мықтылардан бола қойсын. Кенеттен бір жолбарыс оған қарсы шабуылға шықса, сол құралдарының өзі апаттан сақтай ала ма? Жоқ әлбетте, оны өз қолымен қайратын іске қосқанда ғана, апаттан аман сақтап қалады.
Құрылысшы бір кісі жүз мың мәселені оқып- үйреніп, оны басқаларға үйретсе, ал өзі оны біле тұрып, амал қылмаса, іске асырмаса, мұнда өзіне келетін не пайда бар? Айтайық, бір адамның ыстығы асып, запыранды дертке жолықса, оның емі – „Сканжабин” – запыран айдайтын дәрі болар. Кеселденген сол дәріні тауып ішіп, іске асыр- маса, оның ахуалы дұрыс болмас.
Екі мың қадақ шарапты шөлмекке өлшеп құйсаң да, Mac болмайсың ішпесең, жан-жағыңа қойсаң да.
Мысалы: Жүз жыл ілім үйреніп, мың кітап- ты оқып шықсаң да, ондағы айтылғандарды іске асырмасаң, Алланың мейірім-шапағатынан үміт етуге хақың жоқ. Бұл сияқтыларды Алла тағала Құран Кәрімде: «Адам әр уақытта істеген істері- нің нәтижесінде пайда көрер. Кімде-кімнің Алла тағаланың жамалын көруден үміті болса, жақсы істерді істесін. Уақытында істеген жақсы істері – өзіне жақсы сый, жаман істері өзіне жаман жаза болып қайтады. Көптеген кісілер иман келтіріп, тура, таза жолменен жүрер. Оларға жаратқан ие Фирдауси жұмағын мекен етер» депті.
Ей, перзент, бұл хадиске не дейсің? Ислам бес амалмен жүзеге шығып, іске асады: біріншісі – Құданың жеке даралығы, Мұхаммедтің Пайғам- барлығына сену, иман келтіру; екіншісі – бес уақыт намазды орындау; үшіншісі – зекет беру; төртіншісі – рамазан айында ораза тұту; бесін шісі – шамасы келсе адам өмірінде бір рет қажы- лыққа зиярат ету.
Осы бес амалдың алғашқысы иман жөнінде. Иман – Пайғамбардың айтып кеткен үкімдерін тілмен айтып, ділмен тастықтап, жан-тәніңмен оны амалға асыруыңда. Керекті, пайдалы амалдар үшін есепсіз амалдар көп. Бірақ пендесі жалғыз Алла тағалаға тағат ғибадат қылады. Сонда ғана жаратқанның жарылқауымен жұмақтан жай алу- ға қолы жетеді. Өйткені, тек ізгі істерді істеумен ғана Алланың мейір-шапағатына лайықты болар. Егер сұрау беріп: «Жалғыз иманмен кісі жұмақ- қа бара ала ма?» десе: «Бара алады» дейміз. Бірақ иманмен жұмаққа жеткенше пенденің ал- дында көптеген тар жол, тайғақ кешулі асулар бар. Осы асуларды асып өтпей, жұмаққа жету- дің мүмкіндігі жоқ, ол асулардың ең әуелгі және қатерлісі «Иман тауы» болар. Әр пенде өмірін- де иманын шайтанның қармағынан сау-саламат жеткізе ала ма, жоқ па – әңгіменің бар түйіні осында жатыр. Осы қиын істердің үдесінен шы- ғуға күші жеткенде ғана, жалғыз иман мен жұ- мақтан жай алуы ықтимал. Қасан Басири Рах- маттула Әлейһи: «Ертеңгі қиямет күніңде Алла тағала пенделеріне, ей, пенделерім тек менің рақым шапағатыммен жұмаққа кіріңдер де істе- ген істеріңе жараса, үлестеріңді алыңдар» деп жазыпты. Сол айтылғандай, жақсы істері жоқ адамдар, жаратушы Алланың беретін үлестері- нен құры алақан қалады екен. Ей, перзент, ықтият бол, амал қылмасаң cayaп таппайсың!
ХИКАЯТ Бани Исраиыл халқынан бір кісі жет- піс жыл Құдайға тағат-ғибадат етеді. Құдай бұл кісінің ахуалын періштелерге білдіруді жөн кө- ріп, бір періштені оның құзырына жолдайды да:
«Барып айтқын, сонша ғибадатымен ол пенде ме- нің жарылқауыма лайық емес дегін» дейді. Алла- ның бұл сөзін қалт жібермей, ол пендеге жеткізе- ді. Сонда ол пенде жауап береді: «Біз ғибадат үшін жаратылдық, ғибадат ету біздерге міндет» депті. Періште Алланың құзырына қайтып келіп:
«Я Алла, ол пенденің не дегені өзің аян” деді.
Сонда Алла айтыпты: «Ол пендем маған ғибадат етуден бетін қайтармады. Енді мен де оны жарылқаудан жүз үйірмегенім болсын. Ей, періштелерім, куә болыңдар, мен оны марапат- тап жарылқадым» депті. Міне, көрдің, бұл кісі тек ғибадатпен Алланың ризалығына лайықты болыпты.
ХАДИС. Мұхаммед (С.Ә.У.) айтқан екен: «Қия- меттің сұрауларынан бұрын, өзіңе-өзің есеп беріп тұрғын. Алла қиямет таразысына тартуға қой- мастан бұрын, өз істеген іс-амалдарыңыздың сал- мағын өлшеп жүріңіздер» деп.
Али Карамулла құрмет иесі айтыпты: «Кімде- кім бір жақсы амалға әрекет қылмастан, жұмаққа кіремін деп үміт қылса, ол жақсы кәсіпсіз Алла- дан тілеушілер қатарында (яғни бір кәсіпті үйрен- бестен алдын, білгір кәсіпкерлердің ісін атқа- рамын дейтіндерден). Өз әлін білмей, өзге жақ- сы іс істегендермен бірге жұмақтан жәй аламын дегендер де өзін қиыншылыққа қалдырар». Қасан Басри Рахматулла: «Амалсыз, яғни жақсы істеріңсіз жұмақты талап етпек – күнәкарлық» депті. Және бір сөзінде: «Амалға сеніп, оған сүйеніп те қалма. Амалды жоққа шығарып, одан жүз үйіруші де болма, тек сонда ғана, жұмақтан орын алуға лайықты боларсың» депті. Мұхаммед Әлейһисалам айтқан екен: «Ақылды кісі деп соны айтамыз. Егер, оның ақылы нәпсісінен ба- сым келсе және өлгеннен кейін тірілуді біліп, жақсы істің амалдарын іске асырар. Ал ақымақ кісі, сол кісі болар, нәпсінің қалауына ілесіп және жаратқанның жарылқауынан үміттенетін жандар» деп. Ей, перзент, ықтият бол, түнімен кітап оқып, ұйқыңды арам қылдың. Мұндағы мақсат не? Егер ниетің – дүниелік абырой-атақ алу, мүлік жинау, я бұл фәни дүниеде бірден-бір мансап – лауазымға ие болу, немесе жақында- рың мен теңдестеріңнің арасында мақтану болса, онда шама-шарқыңа болайын! Егер мақсатың – Рәсулилла шариаттарын тірілдірмек немесе мінез- құлқыңды тазаламақ, пәктеу арқылы жамандыққа бұйырушы нәпсінің мойнын сындырмақ болса, онда саған екі дүниеде де ғазиз бақыт орнасын! Ақындар айтқан екен:
Көзім хақтан басқаны ойлап, ұйықтамауы бекер дүр, Көзім хақтан басқаны іздеп, жылауы да қате дүр.
Жыламақ, тек Алла үшін ғана болмағы шарт. Ей, перзент, Алланың әмірімен бұл дүниеге қанша қаласаң, сонша жасағын, бәрібір адал ақиқаты сол, сен оны бір күні тастап кетесің. Өлгеннен соң халім мүшкіл болмасын десең, бүгін ойлан! Нені қаласаң, соны өзіңе дос тұт! Бірақ, бәрібір одан ажырасасың. Не істі амал қылсаң, қалауың да, істеген ісіңе қарай тағдырың да – солай бо- лар. Жақсы амал – жақсы ісіңе жақсы үкім, жа- ман ісің – жаман үкім. Ей, перзент, қисын және қарама-қайшылық жайында ілімдердің саған пайдасы шамалы. Ақыретте пайда бермейтін бұл сияқты дүниелік ілімдермен шұғылданып, Алла алдында күнәкар болып, өміріңді зая өткізесің.
Ұлық иесі Алланың құрметімен Иса Әлейһи саламнан түскен Інжілден көрдім. Мүрдені жана- за уақытынан қабір басына жеткізгенше, Алла одан өзінің ұлылығымен қырық сұрау береді екен. Алғашқы сауалы: «Ей, пендем, сен неше жыл бойы пенделердің көзі түсетін жерлеріңді тазалап, пәктеп жүрдің ғой, ал менің назарым түсетін жерлерді неге бірде-бір рет таза сақтап жүрме- дің! Мен болсам, ол жағдайдан үміт етіп, күн сайын саған қарайлаудамын. Ей, пендем, адам киіміне оранып алып, менен басқаларға не іс- теп, не істемедің, халің бұл екен, менен басқа- ның ықпалынан пайдаланып, бір сәт те болса, демалудың өзі саған лайық емес еді. Сөйле, жоқ әлде сөзді естімейтін саңыраумысың?!» дейді екен.
Ей, перзент, сақ болғын, іске аспайтын амалсыз ілім – делбеліктен басқа ештеңе де емес. Бірақ ілімсіз амал да ешқандай пайда келтірмейді. Соны білгін де есіңнен шығарма. Әр қандай ілім болса да бүл дүниеде күнәдан аулақтатып тағат- ғибадатқа ықпал етпесе, ондай ілім қиямет күні сені жаһаннамнан қайтара алмас. Бұндай ілімнен сақтан!
Егер сен бүгінге дейін және бұдан кейін де істеген істеріңе амал қылып өткізген және өткіз- беген күндеріңді есіңе келтіріп, есепке алмасаң қиямет күні әрқашан да: «Біздерді фәни дүниеге қайтар, енді туралыққа негізделген жақсы жол- ды амал қыламыз» дегеніңде, саған: «Ей, ақымақ, өзің ғой сол бір дүниеден келген және не дейсің?» деп жауап береді.
Ей, перзент, рухыңа құрмет қыл, нәпсіңе сы- нықтықты қарсы қоя біл. Тән үкіміне өктемдік етіп өлтіре біл. Рух деген ұлық нәрсе, ол кілең жақсы амалдарды қалайды. Соны білгін де жақ- сы іс, жақсы амалдарды істе. Нәпсің бұйырған істерді істесең, ақыры бір күні жеңілерсің – нәп- сіңді тый, оны сындыра біл. Тәніңнің талабына ерік берсең, ол семіріп кетеді де ғибадат ету мә- селесі қиындай түседі. Сондықтан әрі тәніңді ба- ғындырып (арықтатып) ғибадат етуте жеңіл бол- ғын. Түптеп келгенде, баратын жерің – қабір Ол қабір қай күні, қай сағатга баратыныңды күтіп тұрады. Сен болсаң, олар алдын сауығасыз, яғни жақсы ғибадатсыз барудан сақтанғын. Сенен қа- бір де ренжімесін.
Абу Бәкір Сыддық разияалла анху: «Бұл дене – құстардың қапасы және жабайы хайуандарды қа- майтын ағылқана. Ал сен ойлан, осы екеуінің қай- сысына лайықтысың. Егер жоғарыда аспандап ұшатын құстар қатарынан болсаң, яғни ізгі ниет- ті ғибадатты кісілер тобынан болсаң, Алла тара- бынан келетін «Ей, пәк, жаратылған» деген ха- барды естіп, жоғарыға қарай ұшқайсың. Сен жұ- мақтың ұлы дәрежелі жайларын құшарсың!»
Бір себеп болып Расулилла саллаллаху Әлейһи уассалам айтқан екен: «Неліктен Сайд ибн Муаз ғаламнан өткен күні Алланың ғаршысына келел- ді? Әйтеуір, оның иәк тәнінен шыққан пәк рухы ғарыш Аллаға көтерілген еді. Алайда, Алланың өзі сақтасын. Бұл жағдай екінші тайпадағыларға нәсіп болмады. Өйткені, Алланың өзі хабар бе- ріп: «Бұл имансыздар хайуандар сияқты, тіпті, хайуандардан да артық адасқандардан-ды» депті. Бұл халде оларға, дүниеден тура жаһаннамға барып түсуден басқа жол қалмаған еді. Айтылған деректерге қарағанда: «Хасан Басриға мұздай су берген екен. Ол кесені қолына алысымен, есі- нен айырылады да кесе жерге түседі. Есін қайта жиғанда: «Сізге не болды, уа, Абу Сайд?» деп сұрады. Сонда ол жауап беріп: «Ертеңгі қиямет күнге тозақтың дәйімі тілегені – арыз-наласы. Ей, жұмақ жайы, бізге мұздай су беріңіздер деп жалынғаны есіме түсті де есімнен танып қалып- пын» депті. Ей, перзент, сен біліп алғын, егер іс-амалсыз ілімнің өзі ғана пайда қылатын бол- са, Алла тағала» менен сұраушы, мағрипат талап қылушы, тәубе қылушы бар ма деп сұрамаған болар еді».