ДЕНЕ ЖӘНЕ РУХ
Жолдары белгілі бұл мәндегі діл ілімділері- нің арасында адамның өлімімен бірге, рухы да жоқ болады дегендер табылар. Тек одан кейін қайтадан денеге келтірер дегендер де болар. Бұл қаулы – теріс қаулы, әр кісі біреудің сөзімен амал қылса, құры алақан болар. Сонымен, кісі бұл жол- ға бара қойсын, ақылдың ішкі көрінісі емес, сырт- қы көрінісі деуге де жарамас. Егер ақылдың ішкі көрінісінен хабары болса білер еді, дененің өлме- гі – рух ақиқатын набыт қыла алмас. Егер акыл- дың сырт көрінісі болса, аят пен хадис мазмұны- мен білер еді.
Адам өлгеннен кейін рух екіге бөлінер: бақыт- тылар, бақытсыздар рухы деп аталады. Бақыт- тылар рухы жөнінде Құранның Әл-и Имран» сү- ресінің 169–170-аятында: «Ол тайпалар Хақ жо- лында өліпті, өлік күмәнданбағын, бәлкім, олар Хақ Тағаланың өз пәзіл-кәрәмінен сый еткен игі- ліктерінен аямастан, мархабат етіп берген түрлі нәрселерінен шад-шадыман көңілденген болар». Алайда, кәпірлер оның сыбайластары жөнінде, Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) Бадр шайқасында өлтірілген кәпірлерді жинатып, бір құдыққа тас- татты. Әзіреті расуллі Әлейһихус салам ол құдық- тың басына барып, кәпірлердің әрбірінің атын атап айқайлап: «Ей, пәленше, уәде бойынша, Құдай тағала дұшпандарға қаһар ашуын төгіп, жаза бе- руді біздерге тапсырып еді. Бәрін де шын мәнін- де орындап шықтық. Құдай тағала ол уәделерін ақырына жеткізді және сіздерге де өлгеннен кейін азап қинауға саламын деген уәделерінің ақиқат екенін көрдіңдер ме?» деген екен. Сахабалар: «Я, Расулилла, бұл мүрде өлік қой, өлілер де сөзді есітеді ме?» – дегенде, Әзіреті Пайғамбар (С.Ә.У.):
«Қасам етемін, Құдайдың атымен, Мұхаммедтің жаны – оның құдіретті қолында. Өліктер, сіздер- ден есіткіштеу, бірақ жауап беру қасиетінен айрылған» депті. Әрбір адам өліктермен тамырлас болған хадистер және ақпарлардан хабардар бол- са, соншалықты ақыл, қайғы-қасіретінен хабар- дар болмағы және зиярат қылғанды және ғаламда болып жатқан жағдайлардың бәрінен де хабары болар. Сонымен, сенімді хабарларға қарағанда, рухының жоғалуына ешқандай негіз жоқ. Бәлкім, сипат уақыт жоқ болар. Сондықтан, хадисте кел- тірілгендей, қабір – адам рухы жасайтын ғар (үң- гір) және ол – тозақтың ғарларынан, жұмақтың бау-бақшаларынан болар.
Өлумен бірге, өз затыңнан және затыңа ұқсас тиісті сипаттардан ешқайсысы жоқ болмайды. Бі- рақ қалау сезімдерінен: әрекет, тағлым, тәбет, кем- ей мен ағзалар мақсаты бір еді. Өлген соң бұлар жоқ болар. Дүние ләззатынан бөлектенерсің (оңа- ша, жеке қаларсың). Сондықтан адам денесі қыз- меткерге ұқсар. Кісінің аты өлсе, жаяу қалар. Ал кісі білімсіз болса, данышпан болмас. Егер көр болса, құрылыс үй-жайларды, түрлі өрнектерді көре алмас, керісінше де солай болар. Атсыздар жаяу қалар, сонымен дене қызметкердің де рухы атқа мінер. Рухы бар қажетті заттардан өзін аулақ ұстап, Хақ тағаланың айтқандарының ағысына ғарық болып шомған күйінде, бір пікірлестікті та- бандылықпен алып барса, сонда ғана сопылық жо- лының даңғылына түсер. Ол жолдың талап-тал- ғамы осындай болар. Ақырет ахуалын көре білуге талпынар. Өзгелерге өлгеннен кейін мәлім бола- тын нәрселерді, болған, көрген нәрселердің бәрі де есте қала бермес. Бірақ әсері мәңгі-бақи қалар. Жұмақты оған көрсеткен болса, pyx рақат және шаттықта болар. Ол кісіге көңіл шаттығы нәсіп бо- лар. Егер оған тозақтың белгілерін көрсетсе, азап-қиыншылыққа тап болар. Ал көрген оқиғалары жа- дында болса, әңгімелеп берер. Сондықтан айтыл- ған нақыл бар екен. Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) намазда тұрып, қолдарын созған екен. Намаздан кейін сахабалары арыз айтып: «Ей, Расулилла, не себептен намазда тұрғанда мүбәрәк қолыңызды ұзаттыңыз» дейді. Расулилла (С.Ә.У.) айтыпты:
«Жұмақтан бір бас әдемі піскен жүзімді алғын деп, бұл дүниеге келтіруді жөн көріп, қолымды соз- ғанымда, кенеттен ғайып болды» депті. Ал сен, жұмақ игілігін бұл ғаламға келтіруге болмас па еді деп күмәнданбағын. Жұмақтың игілігін бұл ғаламға келтіруге болар еді. Егер Әзіреті Расулла (С.Ә.У.) келтіремін десе, келтірер еді. Оның қажет, қажет еместігін әңгімелеу ұзақ. Бұл кітабымыз- дың көлеміне сыймайды. Әзіреті расул Әлейһиса- лам жұмақтың ахуалын Жәбрейіл Әлейһисаламнан есту арқылы баян қылады дейді. Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) жұмақты өздері көріп баяндағаннан. Жұмақ ақиқатын бұл ғаламнан көрген жоқ. Өзі бұл ғаламнан ғайьп болып, ол ғаламға барып көрді. Бұл жағдай Расуллі акрам (С.Ә.У.) бір уақытта Миғражға барғаны дәлел болар. Сонымен қатар, ғайып болу екі жағдайда пайда болар. Бірі – хайуа- ни-рухтың өлуіне байланысты, бірі – адами-рухтың сейіл қылуына байланысты. Алайда жұмақты бұл ғаламда көруге болмас. Сондықтан жеті қат аспан, жеті қабат жер бір пісте шопағына сыймас. Осыған ұқсас, жұмақ та бұл ғаламға сыймас. Адамидың бұл ғаламдағы қалауы, әуестік сезімі – жұмақты көрмекке тағат келтіре алмас. Ал ол ғаламның қалау-әуестік сезімі – өзгеше болар.