19.05.2022
  124


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Наурыз келіп жырақтап қыс күндері...

Наурыз келіп жырақтап қыс күндері,
Əуеніне басады құс күндегі.
Қазтабан тау оянып ұйқысынан
Сіреу қарды сілкіді үстіндегі.
Бүйірі қызып, əже-жер балқып жатыр,
Күн-келінге алғысын айтып жатыр.
Əр шыбықтың басына бантик байлап,
Наурыз-бала сыбызғы тартып жатыр.





Пікір жазу