19.05.2022
166
Майдангер
Ет жүрегін қорғасынға тестірді,
Жастық шағы жорықтарда ескірді.
Жиырмасында батыр аты естілді,
Қуанышты өмірдегі кеш білді.
Жігіт басы ақ қырауға көмілді,
Қаншама қан, қаншама тер төгілді.
Қатар жүрген достарын оқ қырықты,
Қасіреттен қабырғасы сөгілді.
Жалаңаяқ жалғыз жүріп жар кешті,
Қызыл аяқ қиын шақта қар кешті,
Бақ дəуірі, шат мезгілі келді де,
Қуанышпен өткізуде əр кешті.
Қаһарлы жыл, қазалы күн қалды ескі,
Алдына алып немересін сүйгенде,
Жеңіс маршы секілденер күй кейде.
Желбегейді жамылып ап, қарайды
Аяз бидің шоқпытындай шинельге!