19.05.2022
  124


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Соғыс десе

Соғыс десе мұңаяды анашым,
Əлдебіреу тырнағандай жарасын.
«Қырық жылдан асып кетті, əлі жоқ», -
Деп күрсініп еске алады ағасын.
Жау етігі таптағанда гүл жерін,
Тыныш ұйықтап өткізе алмай түндерін
Өз еркімен қан майданға аттанып,
Шайқастармен өткізіпті күндерін.
Қанға бөгіп туған Отан даласы,
Ерлер болды еңірегенге арашы!
Кетті талай жауынгерлер хабарсыз,
Соның бірі – анашымның ағасы.
Бейбіт күндер қандай ғажап, арайлы!
Көк аспанды бұлт шалмаса жарайды!
... Анам болса: «Қырық жылдан соң» ... деген,
Газеттердің тақырыбын қарайды.





Пікір жазу