19.05.2022
152
![](/uploads/shorttexts/author_image/myltykbaj.jpg)
Тың
Қазақ жері – кең өріс,
Достық отын жағысты:
Орыс, қазақ, белорус,
Өзбек мұнде табысты.
Қонақ сүйген ғұрпымен,
Домбыра алып, əн салған.
Бауырсағы, құртымен
Қонақтарын қарсы алған.
Тыңда туды босаға,
Сəнді совхоз, үй жайлы.
Тау қып берген осы ара,
Дəм асылы – бидайды.
Тұңғыш түскен түренді
Ұмытпайды қырат-қыр.
Музейлерде тұр енді
Тыңға келген трактор.