19.05.2022
  119


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мырзашөл

Жайнатқан туған Отанды
Адамнан асқан күш бар ма?
Суды да бұрып апардық
Шөліркеп жатқан тұстарға.
Бойына суды – қанды ала,
Қызарып жүзі боялды.
Талықсып жатқан сары дала
Жасарып, түлеп оянды.
Шырқады қырың батыл əн,
Ұлы істі талай көз көрді:
Шөл деген бұрынғы атынан
Мырзашөл болып өзгерді.
Кемерін толқын ұрғылап,
Түлетті тұлдыр өлкені.
Бүгіннен-дағы нұрлырақ
Тыңайған елдің ертеңі.
Көне күн кетті көшімен,
Жапырақ жайды орманым.
Сан үйлер далал төсінен
Созады Айға қолдарын.
Каналды қазған қара шал
Аузында шүкір, тобасы.
Жүзеге асты, əлі асар
Данышпан Ленин жобасы!
Советтік дəуір толғатқан
Тағдырым – асыл арманым.
Бұл жерге бақыт орнатқан
Сың рақмет, қара шалдарым!





Пікір жазу