19.05.2022
136
Октябрят
Балдырғандар – бүлдіршіндер,
Ойнап-күліп бір жүрсіңдер,
Бес тармақты жұлдызың бар,
Алаулаған нұр жүзің бар –
Октябрят! Октябрят!
Бауырмал ұл, балауса гүл,
Баға жетпес балдай ғұмыр.
Кілең бестік бағаң да бар,
Пионердей ағаң да бар –
Октябрят! Октябрят!
Батыр Ана көңіліндей,
Батыр Ата өміріндей,
Əлемге аян өнегесі
Октябрьдің шөбересі –
Октябрят! Октябрят!