19.05.2022
  120


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Россия

Россия, ұл ем – аңсаған,
Қиналғанда – сүйенем саған,
Қуанғанымда – жүгірем саған,
Өңірімді ашып, көңілім тасып,
Даламның гүлін бауырыма басып –
Домбыра-күй боп төгілем саған.
Россия!
Көтеріп жасыл көңіл шынарын,
Əкелдің маған өмір шырағын.
Даңқымыз ортақ – дəйім біргеміз.
Халқымыз ортақ - жайылды іргеміз.
Ойымыз ортақ, сəніміз бірге,
Тойымыз ортақ, əніміз бірге,
Жауымыз ортақ, жанымыз бірге,
Досымыз ортақ, қанымыз бірге.
Түрте алмас найза түндігімізді,
Қорғаймыз дəйім бір-бірімізді –
Өйткені ұлы Революция
Бір кескен біздің кіндігімізді!
Қара жер, дара бір Күн елестеп,
Жарасып Достық күлкімен өспек,
Россия – Ленин, айтамын мəңгі,
Ленинді сүймеу мүмкін емес деп!





Пікір жазу