19.05.2022
  105


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қазақстан

Ұлы Ленин серпіп азап түнегін,
Он бес туыс бірге толып, түледің.
Дос дегенде кең жүрегің бауырмал,
Жүз халықтың түйістірдің тілегін.
Қорғадың сен оққа төсеп кеудеңді,
Жүзі басқа, жүрегі бір елдерді.
Қасіреттен қалшылдаған қара жер
Сенің диқан қолдарыңмен емделді.
Даңқың қазір корабль боп самғады,
Дала, қала еңбек күйін жалғады.
Бүгін сенің екінші атың – Жерұйық,
Орындалған Асан ата арманы!





Пікір жазу