19.05.2022
  134


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жалғасымын

Өмір жайлы сыр шертер атам маған,
Атам болып сезілер Отан маған.
Болашақтың жете алмас қиясына
Ошағының басынан от алмаған.
Тірлік жайлы сыр шертер апам маған,
Апам болып сезілер Отан маған.
Əділдікті, Шындықты жерлегендер
Жеңісіне ешқашан жете алмаған.
Кейде өмір қойса да алға сынын,
Шыдамдылық, төзімнің жолдасымын.
Əділдікті, шындықты ту көтерген
Отанымның қаһарман жалғасымын.





Пікір жазу