Байлар -Жандар Мешіт салып...
Байлар-Жандар Мешіт салып,
Көшік, Көбек кітаптарын шығарды
Қандай халық сөзі аз, ісі көп те шыдамды.
Шыңғысханды іздеп жүрген
Тоқболат қой, Көктəнді,
Тоқболаттар Москвадан кітабын шығарып топтаңды.
Руының бірлігімен сол Əмзе,
Дүниеге аты мəшһүр боп қалды.
Аса бөлек құрмет тұтам Алғиды,
Əкімдіктен бастап оның балдары,
Қызметте жүр əрқилы.
Ақсақалын тыңдайды олар,
Депутатын сайлайды
Арасына ат жібермей, əкімдікке қарғиды.
Қаракөсе Бапышевқа ас,
Тоғанбайға той берді
Сонысымен, сол ісімен басқаларға ой берді.
Оразкелді аяқтары алға қарай баспай жүр,
Бірін-бірі жамандаудан, амалдаудан аспай жүр.
Құлшығаштың Əселханы атағы тұр аспандап,
Тыңдағандар отырады көздерінен жас парлап.
Ұзын ата есіңде ме? Анамызға дұға қып,
Құлшығаштар ас берді ғой, алты алашты куə қып.
Жоқ, жоқ деумен Оразгелді əлі отыр қуарып,
Досы ұялып, дұшпаны жүр қуанып.
Нағашының кəрі-жасы Құлшығаш пен Алғидан,
Мен ақынмын қазақ үшін жан қиған,
Қаракөсе, Байлар Жандар қатыстым ғой, асына,
Бес-алты ауыз сөзім үшін көтерді олар басына.
Бапышевты, Тоғанбайды, Молда Мұса
кітап етіп шығардым,
Қаракөсе тойларында қонақ болып,сый алдым.
Тоқболаттан досым да көп,
Тоқболаттан ағам көп,
Аға-іні көп болған соң,
Туысындай бағам көп.
Оразкелді, саған айтам,
Саған сөйлеу шамам жоқ
Түсінбейсің...
Түсінуге тырыспайсың,
Амал жоқ қой, амал жоқ!
Амал жоқ!