18.05.2022
  127


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Аспан күшті əрине...

Аспан күшті əрине,
Одан кейін Жер күшті.
Аспан ажал жіберер,
Жер тоймайтын көмбіс-ті.
Аспан, Жер мен Алланың,
Үкіміне қол сұққан,
Қандай əйел туды екен,
Кескенбаев Кербісті.
Қарын қанап, бүйректің үгітіліп тастары,
Маған тар боп көрінді Шымкенттің аспаны.
Қандауыры қолында, жалаңдаған қасаптай,
Кербіс-əкə ақынды мүгедек қып тастады.
Енді, міне, жатырмын, ет кесіліп етімнен,
Кербіс-əкə жіптері көктем шыға жетілген.
Жан шықпайды екен ғой, Алла үкім қылмаса,
Қан шықпайды екен ғой, ей сболыш, бетіңнен.
Сəтсіз күні қандауыр болды сенің қолыңда,
Ақ денемді қандаған ажал емес сорым да.
Аллаға сыр ашар ем, алпыс үште жасы бар,
Кербіс деген дəруіш тұрып қалды жолымда.





Пікір жазу