18.05.2022
  216


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Дәрігер сөзі

«Қатем-жоқ!» дейсің сен сорлы,
Мүгедек етіп құрбанын.
Білмейсің, ойыңды өлшеулі,
Алланың біліп тұрғанын.
Мүгедек болмай шейіт боп,
Қара жер құшып кетсем де.
Арамдық сенде кейіп жоқ,
Ауруымның сыры тек сенде.
Қалтаңа теңге толғанмен,
Құлқының сенің толмайды.
Кесуге басты болғанмен,
Кесуге тілді болмайды.
Майланып мұртың желпінген,
Қай ісің сенің оңып жүр.
«Қатем жоқ!» деп өлтірген,
Аруақтар үйің қорып жүр.
Беймезгіл кетіп өмірден,
Айта алмай қыршын арманын.
Сұрап жүр қанын төгілген,
Шырқырап шыққан жандарын.
Жүрегім қанға толатын,
Соларды ойлап күрсінсем.
Адамның жанын алатын,
Албастысың ба, кімсің сен?!
Дірілдеп қолы жең түрген,
Өлтірген ғалым, «данасың».
Дірілдек шал мен кемпірден,
Күлімдеп ақша аласың...
Пайғамбарлыққа жас барып,
Ағарта алмаған Санасын
Отырсың, əттең, басқарып,
Оңтүстік қасапханасын!
Айтпайды бетке жайыңды ел,
«Қолы-ауыр» сенің есімің.
Мешітке барып қайыр бер,
Құдайдан сұра кешірім!?
Ауырдым, естен жаңылдым,
Мүгедек менмін-құрбаның!
Көз жасым менен қанымның,
Көресің əлі ұрғанын!
«Қатем жоқ!» деме қасабым,
Өміріңді қайта салмақта!
Белгісіз қанша жасарың,
Көмусіз қалма аулақта!





Пікір жазу