18.05.2022
  148


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Түнде айнаға қарама...

Түнде айнаға қарама,
Түнде айнаға қарасаң,
Жол болар деп санама.
Кісі ақысын жемеңіз,
Кісі ақысын жесеңіз,
Тозаққа жанбан демеңіз.
Жақынға мылтық сыйлама,
Жақынға мылтық сыйласаң,
Жақын бол деп қинама.
Түнде тырнақ алмаңыз,
Түнде тырнақ алсаңыз,
Қылтамақ боп қалмаңыз.
Ұстап қалды сайтаным!
Ұстап қалса сайтаным,
Енді несін айтамын?!





Пікір жазу