18.05.2022
  479


Автор: Соңғы қоңырау күні

Бастарыңа бақ қонсын!

Мектеп бітіруші түлектер,
Бастарыңа бақ қонсын.
Жаңа өмір жолында,
Қуанышты сәт болсын!
Қанаттарың талмасын,
Жаратқаным жар болып!
Бар жақсылық орнасын,
Қуаныштар көп болып!
Үлкен оқу жолында,
Қиындықтар жоқ болып!
Сәтті болсын күндерің,
Көңілдерің тоқ болып!
Тамыр жайсын гүлдерің,
Бастарыңа бақ қонып!
Ақ жол, ақ жол түлектер,
Арманыңа жете бер!
Асу асу белдерден,
Қиындықсыз өте бер.
Мықты маман жолында,
Ісің бассын оңына!
Бақыт құсы айналып,
Қона берсін қолыңа!
Әумин!





Пікір жазу