18.05.2022
  699


Автор: Соңғы қоңырау күні

Түлектерге бата

Мектеп бітіруші түлектер,
Қолды жай бата берейін.
Биікке самға, ашық жол,
Үстем болсын мерейің.
Қанаттарың талмасын,
Сәтті боп жаңа өмірің.
Бар жақсылық орналсын,
Тыныш болып көңілің!
Сендерді өмір қуансын,
Алақанда аялап.
Көлеңкесін ұсынсын,
Мәуелі ағаш сая бақ.
Қиындықтар болмасын,
Бар жақсылық орнасын.
Жаратқаным жар болсын,
Сендерді тек қолдасын!
Әумин!





Пікір жазу